Сауда-саттық ақпарат

"Инвестициялық сауаттылық негіздері" вебинары

2022 жылғы 29 қаңтарда KASE бөлшек сауда инвесторлары үшін "Инвестициялық сауаттылық негіздері" вебинарын өткізді.

Спикер - "Қазақстан қор биржасы" АҚ эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жасау департаментінің бас маманы Шынар Елубаева.

Вебинарда KASE сарапшысы инвестициялаудың бастапқы қадамдары, негізгі инвестициялық тұжырымдамалар, сондай-ақ инвестициялық тәуекелдер және оларды азайту жолдары туралы әңгімеледі.

Вебинар видеосы сілтеме бойынша (орыс тілінде).