Сауда-саттық ақпарат

“Инвестициялық сауаттылық негіздері” вебинары

2022 жылдың 12 тамазында сағат 15:00-де KASE бөлшек сауда инвесторларына арналған "Инвестициялық сауаттылық негіздері" вебинарын өткізді.

Спикер - KASE оқыту бағдарламаларының үйлестірушісі - Шынар Елубаева. Вебинар барысында Шынар Елубаева инвестициялау алдында нені білу қажет, негізгі инвестициялық тұжырымдамалар, сондай-ақ инвестициялық алаяқтық тәуекелдері туралы әңгімеледі.

Эфир жазбасын сілтеме бойынша көріңіз.

Іс-шара бөлшек инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіледі.