Сауда-саттық ақпарат

"Гендерлік инклюзивтілік және тұрақты даму" конференциясы және "Ring the bell for Gender Equality" сауда-саттықтар ашу рәсімі

2022 жылдың 04 наурызында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа, KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп жыл сайынғы Ring the bell for Gender Equality сауда-саттықтар ашу рәсімін өткізді, оның шеңберінде "Гендерлік инклюзивтілік және тұрақты даму" тақырыбындағы конференциясы өтті.

Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттықтар ашу рәсімі әлемдік қоғамдастықтың назарын гендерлік инклюзивтіліктің даму перспективаларына және тұрақты даму саясаты, ESG қағидаттары және жасыл қаржыландыру контексінде гендерлік теңдікті қолдауға аударуға бағытталған.

KASE бұл рәсімді 2015 жылы KASE қосылған БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative (UN SSE бастамасы) бастамасын іске асыру шеңберінде 5-ші рет өткізеді. Бұл акцияны бүкіл әлем бойынша дәстүрлі түрде UN Women, халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" ұйымы және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы қолдайды. 2022 жылы бүкіл әлем бойынша 100-ден астам биржалар сауда-саттықтар ашу рәсімін өткізеді.

Халықаралық іс-шарада спикер ретінде сөз сөйледі: Гүлчехра Абдуллаева, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары, Ерлан Бурабаев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қор және сақтандыру секторын дамыту орталығының басқарушы директоры, Сәуле Сабиева, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті жасыл технологиялар басқармасының басшысы, Адалят Әбдіманапова, Орталық Азиядағы экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәжірибелерді дамыту жөніндегі IFC жобаларының жетекшісі, Бақытжан Мақажанов, "Даму" КДҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Александр Филатов, GENEZIS Technology Capital негізін қалаған венчурлық қорлардағы серіктес, SKOLKOVO.VENTURES Директорлар кеңесінің мүшесі, Анар Нұрбаева, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ)гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Регина Карибаева, Қазақстандағы Монтессори мектептер желісінің бас директоры және құрылтайшысы.

Қатысушылар климаттық тәуекелдерді басқарудағы гендерлік инклюзивтіліктің рөлін, ішкі қаржы секторында ESG қағидаттарын дамыту жөніндегі қаржылық реттеушінің шаралары мен бастамаларын және жасыл қаржыландыруға қол жеткізудегі тең мүмкіндіктерге жәрдемдесуді талқылады. Іс-шарада Қазақстанда жасыл таксономияны енгізу, ESG және венчурлық бизнестегі гендерлік күн тәртібі тақырыптарына ерекше назар аударылды. Пікірталаста шағын және орта бизнеске жасыл облигациялар шығару арқылы мүмкіндіктер беру мәселелері қозғалды.