Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – Ашық Дәріс (шілде)

2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 18: 30-да кезекті және көптен күткен KASE Talks гибридтік форматта алғаш рет офлайн және онлайн өтті.

Жоба қонағы "Jusan Invest" АҚ Басқарма Төрағасы - Максим Кабанов.Тұрақты эфир жүргізушісі – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. Максим Владимирович капитал нарығында, инвестициялық және қаржы саласында тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де көп жылдық тәжірибе иегері.

Кездесу тақырыбы – “Жаңа мүмкіндіктерді ашу”. Дәл қазір, осы қиын - қыстау кезеңде Максим Владимирович бағалы қағаздар нарығы-бұл жеке клиенттер үшін мүмкіндік, тіпті қиын-қыстау кезеңдерде де инвестициялауға болатынына және қажет екендігіне сенімді.

Іс-шара аясында спикерлер келесі тақырыптарды қозғады:
- KASE-де Ресей қағаздарымен сауда-саттық;
- санкциялар жағдайында брокерлердің жұмысы;
- базалық мөлшерлеменің өсуі кезінде портфельдерді қайта бағалау және брокерлердің онымен қалай өмір сүруі;
- жеке инвестор базалық мөлшерлеменің өсуіне қалай әрекет ету керектігі;
- Jusan Invest өз клиенттеріне жоспарланған IPO-ға қатысуға көмек беруі;
- нарықта жас-өспірімдер керек пе?
- инвестициялауға стратегиялық көзқарас деңгейіндегі инвестициялық ұсынымдар.

KASE Talks бейнежазбасы.