Сауда-саттық ақпарат

"Кселл" АҚ арналған Қазақстан қор биржасындағы online эмитент күні (сәуір)

2022 жылғы 28 сәуірде сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Кселл"АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өткізеді.

"Эмитент күні" тақырыбы: "2022 жылдың I тоқсанындағы Компания қызметінің нәтижелеріне шолу, "Кселл"АҚ коммерциялық үрдістеріне және стратегиялық даму жоспарларына шолу.

Іс-шараның модераторы-KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

"Кселл" АҚ спикерлері:
- Юрий Харламов, бас атқарушы директор;
- Мария Аверченко, бас коммерциялық директор;
- Дина Нурпеисова, бас қаржы директоры;
- Ирина Шоль, инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

Іс-шараға қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM-дағы онлайн-кездесуге сілтеме (шақыру) жіберіледі.

"Эмитент күні" инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін өткізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: customer@kase.kz.