- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- “Жасыл/әлеуметтік/тұрақты облигацияларды шығару процесіне терең ену” вебинары
“Жасыл/әлеуметтік/тұрақты облигацияларды шығару процесіне терең ену” вебинары
KASE ESG облигациялары шығарылымдарының құрылымын жасау бойынша сарапшылардың қатысуымен тренинг өткізді.
Іс - шара 2022 жылғың 21 және 22 маусымында (14:00-ден 17:00-ге дейін) Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі(ҚНРД) және Climate Bond Initiative (CBI) ынтымақтастығы шеңберінде өтті. Оқу аяқталғаннан кейін перспективті компаниялар KASE-де ESG-облигацияларын ақысыз негізде шығаруға дайындау үшін IFC-мен жеке келісім жасасуға мүмкіндік алды.
Бағдарламаға қатысушылар:
- "жасыл", "әлеуметтік" және "тұрақты" облигацияларды (GSS) шығару процесі;
- дайындық, талаптар және құрылымның мазмұнын қоса алғанда, шығарылымның әрбір кезеңі;
- түсімді "жасыл", "Әлеуметтік" және "тұрақты" облигацияларды (GSS) шығару үшін пайдалану;
- жобаларды бағалау және іріктеу процесі;
- кірістер мен есептілікті тәуелсіз тексеру және басқару туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ, спикерлер процеске тартылған субъектілер, олардың рөлі мен міндеттері туралы айтып, оларды табысты мысалдармен, тақырыптық зерттеулермен және шығару процесіндегі кейбір негізгі іс-әрекеттерді практикалық зерделеуге бағытталған жаттығулармен таныстырды.
Вебинар спикерлері:
- Абрахам Педроза – CBI оқыту тобының жетекші нұсқаушысы;
- Бақытжан Мақажанов – АҚ “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” Басқарма Төрайымының орынбасары.
Тренингтің барлық қатысушыларына ағылшын және орыс тілдерінде ілеспе аударма ұсынылды, бұл ретте ағылшын тілді өкілдің қатысуы құпталды.
Барлық сұрақтар бойынша Айнұр Баткаловаға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 4013804, ainur.batkalova@kase.kz.