Сауда-саттық ақпарат

Биржадағы "Қазақтелеком" АҚ арналған online эмитент күні (наурыз)

2022 жылдың 18 наурызында сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Қазақтелеком"АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өткізді.

Іс-шара спикері – "Қазақтелеком" АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Асхат Өзбеков. Іс-шара модераторы – KASE басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов.

Кездесу барысында компанияның қаржы басшысы 2021 жылдың негізгі қорытындыларын ұсынды, сондай-ақ компанияның операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы айтып, іске асыруға жоспарланған перспективалық жобалар туралы хабардар етті.

"Қазақтелеком"АҚ презентациясы (орыс тілінде).

Іс-шара жазбасы (орыс тілінде).

"Эмитент күні" инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін өткізіледі.

Барлық сұрақтар: customer@kase.kz