Сауда-саттық ақпарат

Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша онлайн-тренинг (25 қараша)

2021 жылдың 25 және 30 қарашада Қазақстан мен Қырғызстанның капитал нарықтары үшін климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша онлайн-тренинг өтеді.

Бұл тренинг Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) "Тұрақты қор биржалары" (UN SSE), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC), климат туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес (CDSB), "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.

Тренинг мақсаты:
- нарық қатысушыларын Климаттық тәуекелдерге байланысты ақпаратты ашу бойынша жоғары сапалы сертификатталған оқытумен қамтамасыз ету, осындай ақпаратты ашудың маңыздылығын түсіну,
- климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша жұмыс тобының (TCFD) халықаралық ұсыныстарына шолу жасау.
Мақсатты аудитория: эмитенттер, листингілік компаниялар және компанияларда тұрақты даму туралы есептерді жасауға мүдделі басқа да тараптар.

Іс-шара орыс тіліне ағылшын тілінде ілеспе аудармасымен өткізіледі.

Онлайн-тренинг 120 минуттан тұратын 2 түрлі модульден тұрады:
- 1 МОДУЛЬ: TCFD 101
Күні мен уақыты: 2021 жылдың 25 қарашасында сағат 15:00-17:00 (Алматы қ., Бішкек қ. уақыты бойынша)
TC FD 101 климатқа қатысты есеп беру деген не және ол неге маңызды екендігі туралы шолуды ұсынады. TC FD 101 сонымен қатар қатысушыларға жаһандық және аймақтық контекстті көрсетеді және климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша мақсатты топтың ұсыныстарын орындау бойынша алғашқы қадамдарға назар аударады (TCFD).
- 2 МОДУЛЬ: TCFD 102 Күні мен уақыты: 2021 жылдың 30 қарашасында сағат 15:00-17:00 (Алматы қ., Бішкек қ. уақыты бойынша)
TCFD 102 тереңдетілген бағдарлама болып табылады, оның барысында қатысушылар TCFD есептерін және неғұрлым кең озық тәжірибені талдайды. Модуль есеп берудің ішкі процестерін және жұмысты бастау керек әлеуетті салаларды дамытуға бағытталған.

Қосымша ретінде өз бетінше оқуға арналған материалдар электрондық түрде ұсынылатын болады.

ZOOM алаңы арқылы қосылу.

Тренинг аяқталғаннан кейін (барлық модульдер) қатысушылар кәсіби ұйымдардың мүшелері болып табылатын тұлғаларға оқытуды тұрақты кәсіби дамуға қойылатын талаптардың бір бөлігі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін CDP сертификатына ие болады. Тренингке қатысу тегін. Алдын ала тіркелу міндетті.

Онлайн-тренингке қатысу үшін тіркелу және сілтемелер бойынша өз деректеріңізді толтыру қажет:
- Модуль 1: 101 Session - 25 қараша, 15:00;
- Модуль 2: 102 Session - 30 қараша, 15:00.

Тренингке қосылуға тіркелген қатысушылар қосымша сілтеме алады.

Осыған байланысты, барлық мүдделі компанияларды осы онлайн-тренингке қатысуға шақырамыз.

Тренинг бойынша қосымша ақпаратты Сіз: +7 (727) 237 53 20 (іш. 1158) тел. және/немесе project@kase.kz поштасы арқылы ала аласыз