Сауда-саттық ақпарат

2021 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз брифингі

2021 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11:00-де (UTC+6) Қазақстан қор биржасы (KASE) БАҚ өкілдері үшін ай сайынғы онлайн-брифинг өткізеді.

KASE брифингі барысында ағымдағы жылдың қараша айындағы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындысы бойынша статистикалық ақпаратты (аналитика) ұсыну.

Іс-шара спикері – KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

Онлайн-брифингке қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz поштасы арқылы алдын ала аккредиттеуден өтуі қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM-ға сілтеме (шақыру) жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Covid-19 вирусының өршуіне байланысты KASE іс-шаралары уақытша қашықтықтан форматқа ауыстырылды.