Сауда-саттық ақпарат

2021 жылдың шілде айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз брифингі

2021 жылы 09 тамызында Қазақстан қор биржасы (KASE) онлайн медиа-брифинг өткізді, оның барысында 2021 жылғы шілдедегі Қазақстандық биржалық нарықтың жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылды.

Іс-шара спикері – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

COVID-19 вирусының өршуіне байланысты туындаған карантин режимі жағдайында KASE іс-шаралары уақытша қашықтықтан форматқа көшірілгенін еске саламыз.

Толық ақпарат баспасөз хабарламасында.