Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks Online – ашық дәрістер (ақпан)

2021 жылдың 11 ақпанында сағат 19:00-де KASE Talks Online Биржаның Instagram желісіндегі @kase.kz ресми парақшасында, бірлескен тікелей эфир форматында өтті.

KASE Talks Online қатысушылары - Андрей Цалюк, хабар жүргізушісі, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары және жоба қонағы - Нұрдәулет Айдосов, "Jysan Invest" АҚ Басқарма Төрағасы.

Нұрдәулет Айдосовтың қаржы институттарында дамыған және дамушы нарықтарға инвестиция салуда көп жылдық тәжірибесі бар. Ол инвестициялық компанияларда басшылық қызметтер атқарды, халықаралық банктерде қаржы құралдарына қатысты қызметтерді көрсету саласында жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «Jysan Invest» АҚ Басқарма Төрағасы.

"Заманауи брокерлік бизнес" тақырыбы аясында тікелей эфирге қатысушылар соңғы жылдары Қазақстандағы брокерлік қызметтердің өзгеруі мен цифрландыру мәселелерін талқылады, жергілікті бағалы қағаздар нарығының мүмкіндіктері туралы әңгімелесті және "Jysan Invest" АҚ-ның жергілікті нарықтағы мақсаттарын, тәсілдерін және болашағын қарастырды.

Еске салайық, KASE Talks жобасы Қазақстан қор биржасының құрылғанының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған және 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының құрылысы мен дамуына ерекше үлес қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен дәрістер циклі ретінде басталған болатын.

Бүгінге дейін Азамат Джолдасбековтың, Дамир Карасаевтың, Ельдар Абдразаковтың, Шолпан Айнабаеваның, Анвар Сайденовтің, Елена Бахмутованың, Тимур Турловтың, Кадыржан Дамитовтың, Дмитрий Жеребятьевтің, Санжар Кеттебековтың, Болат Жамишевтің, Галим Хусаиновтың, Ергали Бегимбетовтың, Ляззат Ибрагимованың, Кайрат Мажибаевтың, Дмитрий Забеллоның қатысуымен 16 KASE Talks дәрісі ұйымдастырылды.

Жазба KASE-нің Instagram-дағы ресми парақшасында IGTV-де қолжетімді (@kase.kz).

COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты KASE Talks жобасы Instagram әлеуметтік желісіндегі Биржаның ресми парақшасында тікелей трансляция арқылы өткізіліп жатқанын ескеріңіз.