Сауда-саттық ақпарат

KASE Day in Tashkent

2021 жылғы 28 қыркүйекте Өзбекстан Республикасында Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған "KASE Day in Tashkent" өтті.

"KASE Day in Tashkent" барысында екі елдің кәсіби қатысушылары арасындағы ынтымақтастық, соның ішінде биржалық нарықтарға өзара рұқсат беру мүмкіндіктері таныстырылды және талқыланды.

Іс-шара қатысушыларды қазақстандық биржалық нарықтың ағымдағы жағдайымен және даму перспективаларымен, KASE қаржы құралдарымен және қызметтерімен, өзбек компаниялары үшін қазақстандық қор нарығында капитал тарту шарттарымен және инвестициялық әлеуетпен таныстыруға бағытталған.

Жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен, эмитенттермен, инвесторлармен және нарықтың кәсіби қатысушыларымен жоспарланған кездесулер өтті.

Жаһандану процестері және интеграциялық процестерді жандандыру екіжақты байланыстарды нығайту қажеттілігін күшейтеді. Сондықтан биржалар ынтымақтастығының негізгі мақсаттарының бірі сауда-саттыққа қазақстандық және өзбек қатысушылары мен инвесторларының екі елдің нарықтарына өзара қол жеткізуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Іс-шара бағдарламасы.

Барлық сұрақтар бойынша эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жасау департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- қалалық телефон: +7 (727) 237 5320;
– электрондық пошта: customers@kase.kz.