Сауда-саттық ақпарат

2020 жылдың қорытындысы бойынша белсенді Биржа мүшелерін, листингілік компанияларды және БАҚ өкілдерін марапаттау салтанаты

Қазақстан қор биржасы (әрі қарай – Биржа, KASE) 2020 жылдың 17 ақпанында 2020 жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген Биржа мүшелерін, листингілік компанияларды – айқындылыққа ұмтылғаны үшін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін (БАҚ) қор нарығын жазба бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурсында белсенді жариялағаны үшін жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізді.

KASE мүшелері

Биржа мүшелері арасында "Корпоративтік облигациялар нарығындағы жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болды. 2020 жыл бойы "Halyk Finance" АҚ облигациялар шығарылымының ең үлкен көлемі саны бойынша андеррайтері болды.

"Акциялар нарығы көшбасшысы" және "Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ 2020 жылды акциялар нарығында да облигациялар нарығында да жеңімпаз биржалық нарықтың осы секторында үлкен сауда-саттық белсенділігін көрсетті.

"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы" номинациясында биржалық нарықтың осы секторында ең үлкен сауда-саттық белсенділігін көрсеткені үшін "Фридом Финанс" АҚ жеңімпаз деп танылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша "Шет елдік валюталар нарығының көшбасшысы" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ жеңімпаз деп танылды.

"Акциялар нарығында жыл маркет-мейкері" номинациясында бес атаулы акциялар бойынша маркет-мейкер ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ марапатталды.

"Корпоративтік облигациялар нарығында жыл маркет-мейкері" номинациясында Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ марапатталды.

"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы жыл маркет-мейкері" номинациясында ең белсенділік көрсеткен "Фридом Финанс" АҚ болды.

"Инвесторларды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ жаңа белсенді сауда-саттық шоттары саны көп болғаны үшін жеңімпаз атанды.

"Үздік қаржы кеңесшісі" номинациясында "Halyk Global Markets" және "Halyk Finance" АҚ марапатталды. 2020 жылы компаниялар бес эмитенттің 18 бағалы қағаздардың шығарылымын листингілеу кезінде қаржы кеңесшісі ретінде қатысты және жеті эмитенттің бағалы қағаздарының 12 шығарылымына сәйкесінше қатысты.

"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторын дамытуда қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ марапатталды.

"Акциялардың қайталама нарығындағы сауда-саттықтың үлкен көлемі" номинациясында "SkyBridge Invest" АҚ марапатталды,

"Қытай юані биржалық нарығын дамутыдағы қосқан үлесі үшін" номинациясында "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес Банкі, "Ресей рублі биржалық нарығын дамутыдағы қосқан үлесі үшін" номинациясында "Сбербанк России" АҚ еншілес Банкі марапатталды.

KASE Листингілік компаниялары

2020 жылдың қорытындысы бойынша "Айқындылыққа ұмтылысы үшін" дипломдарымен:
– қаржы секторы компаниялары: "ForteBank", "Қазақстан Даму Банкі" АҚ және "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ марапатталды;
– қаржы емес секторы компаниялары: "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "КазТрансОйл" АҚ және "KEGOC".

Аталмыш компаниялар ақпарат ашудағы белсенділік және ашылған құжаттардың ақпараттылығы бойынша алдыңғы қатарға шығып отыр.

БАҚ өкілдері

KASE сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстанның қор нарығы және KASE қызметі тақырыбын белсенді қозғаған БАҚ өкілдерін дипломдармен марапаттады. Аталған журналистер материалды жоғары кәсіби деңгейде түсінікті әрі қызықты етіп бере білді.

"Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік мақала" номинациясы бойынша диплом Динара Бекмағанбетова ("Курсив" газеті) және Ирине Ледовскихке берілді.

"Интернет-ресурстарындағы үздік материал" номинациясында Елена Тумашова ("Inbusiness.kz" ақпараттық агенттігі) және Милана Бейноева ("LS Aqparat" ақпараттық агенттігі).

Толығырақ ақпарат баспасөз хабарламасында.