- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Биржаның 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдады
KASE Биржаның 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдады
2021 жылдың 03 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE, Биржа) Директорлар кеңесі KASE 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын (Стратегия) бекітті. Алдағы кезеңнің негізгі мақсаты өңірдегі жетекші биржалық алаң мәртебесіне қол жеткізу және оны ұстап тұру және стейкхолдерлер үшін Биржаның құндылығын арттыру болып анықталған.
KASE Даму стратегиясы төрт негізгі бағытқа негізделеді:
- қаржы құралдары мен қызметтер спектрін кеңейту;
- серіктес биржалармен сауда-клирингілік байланыстарды орнату, эмитенттер мен инвесторлар шеңберін кеңейту арқылы биржалық нарықтардағы өтімділікті арттыру;
- орталық контрагентті негізгі инфрақұрылымдық элемент ретінде дамыту;
- сыртқы және ішкі инфрақұрылымды жаңғырту және инновацияларды енгізу;
- стейкхолдерлер үшін Биржаның құндылығын арттыру.
Толығырақ ақпарат қол жетімді:
-
баспасөз хабарламасы;