Сауда-саттық ақпарат

БАҚ өкілдері үшін "Қор нарығы: сауатты жарықтандырамыз" вебинары

2020 жылдың 05 тамызында Қазақстан қор биржасы (KASE) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту жобасымен бірлесіп, Factcheck.kz және MediaNet ХЖО Медиа-мектебі серіктестігімен БАҚ өкілдері үшін "Қор нарығы:сауатты жарықтандырамыз" онлайн-семинар өткізді.

Вебинар спикерлері келесі тақырыптарды қозғады:
- Қазақстанның қор нарығы қалай жұмыс істейді?
- Қор нарығын мемлекеттік реттеу (құқықтық ерекшеліктері) қалай жұмыс істейді?
- Биржалық сандарды және терминдерді қалай түсінуге болады?
- Қаржы реттеушісі қаржы сауаттылығы бойынша қандай жобаларды жүзеге асыруда?
- ҚНРДА (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) және KASE сайттарында ақпаратты қалай пайдалануға болады?

Вебинар бағдарламасы (орыс тілінде).

Презентациялар (орыс тілінде):
- Қазақстан қор биржасы: компанияға, биржалық нарықтарға және операциялық қызметке қысқаша шолу, KASE Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская;
- KASE сайтымен жұмыс жасау, KASE ақпарат және статистика Департаментінің талдау Бөлімінің бастығы Тамара Шадиева;
- Қор нарығын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, ҚНРДА бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатный;
- Қор нарығы: бірге жарықтандырамыз, ҚНРДА қаржы өнімдерінің мониторингі басқармасының бас маманы Дмитрий Акмаев.