Сауда-саттық ақпарат

KIMEP және Satbayev University үшін "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" атты KASE вебинары

2020 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан қор биржасы (KASE) KIMEP және Satbayev University студенттеріне арналған "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" атты оқыту вебинарын өткізді.

Биржа өкілдері вебинарға қатысушыларды бағалы қағаздар нарығымен, оның қатысушыларымен және Биржаның функцияларымен таныстырды. Сондай-ақ спикерлер депозитарийдің, брокерлік ұйымның қызметі және оларды таңдау критерийлері туралы айтты.

Вебинарға 64 студент қатысты.