Сауда-саттық ақпарат

ҚБТУ үшін "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" атты KASE вебинары

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) үшін "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Биржа өкілдері қатысушыларды қор нарығының инфрақұрылымымен және оның негізгі элементтерімен таныстырды. Сондай-ақ, спикерлер бағалы қағаздардың түрлерімен таныстырып, бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарықтары және басқа да мәселелер туралы әңгімеледі.

Вебинарды тыңдаушылардың қатарында бизнес-мектеп, Халықаралық экономика мектебінің студенттері, ҚБТУ магистранттары мен профессор-оқытушылар болды. Сонымен қатар, вебинарға Satbayev University және ҚАЗГЮУ университетінің студенттері қатысты.

Барлық қатысушыларға электрондық сертификаттар берілді.