Сауда-саттық ақпарат

"KASE эмитенттері үшін ESG" вебинары

Қазақстан қор биржасы (KASE) S&P Global Ratings халықаралық рейтингілік агенттігімен бірлесе отырып, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде экологиялық, әлеуметтің және корпоративтік басқрау тәуекелдері (ESG – Environmental, Social, Governance) тақырыбына вебинар өткізеді. Іс-шара барлық мүдделі тараптар үшін ұйымдастырылған.

Вебинар барысында ESG туралы жан-жақты ақпарат алып, осы ақпараттың мақсаттары, актуалдылығы, ұйымның рейтингтеріне ықпалы факторлары мен Биржада осы ақпаратты ашу туралы әңгіме қозғалады.

Вебинар сағат 15:00 Zoom платформасында басталады.

Іс-шараға қатысу тегін.

Іс-шараның бағдарламасы (орыс тілінде).

Іс-шараға қатысу үшін электрондық сауалнама арқылы немесе customers@kase.kz мекен-жайына өтінім жіберу арқылы тіркелу қажет.

Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қерек:
– компанияның атауы;
– қатысушының аты-жөні;
– лауазымы мен қызмет түрі;
– электрондық мекен-жай, телефон.