Сауда-саттық ақпарат

"KASE сауда-саттықтары: А-дан Я-ға дейін" ЖОО студенттеріне арналған KASE кешенді оқыту бағдарламасы

Қазақстан қор биржасы "KASE сауда-саттықтары: А-дан Я-ға дейін" ЖОО студенттеріне арналған KASE кешенді оқыту бағдарламасын іске қосады. Теориялық бөлімде тыңдаушылар бағалы қағаздар нарығыныңинфрақұрылымы туралы ұғым алып, бағалы қағаздарды таңдауды, олардың параметрлерін талдауға, қоржын қалыптастыруды және қор нарығында түрлі стратегияларды қолдануды үйренеді.

Студенттер алған білімдерін бағдарламаның практикалық бөлігінде - оқу саудасында - Биржа тренажерінде бірден қолдана алады. Сауда-саттық басталған кезде әрбір қатысушыға басқаруға арналған номиналды мөлшері миллион теңге болатын портфель (қаржы құралдарының / акциялардың виртуалды жиынтығы) беріледі. Студенттердің басты міндеті - ең үздік инвестициялық портфельді қалыптастыру болып табылады.

"KASE сауда-саттықтары: А-дан Я-ға дейін" бағдарламасы 2020 жылдың тамыздан қараша айына дейін 4 айына арналған.

Оқу тегін. Бағдарламаға қатысу үшін customers@kase.kz электронды поштасына өтінім жолдау арқылы тіркелу керек.

Өтінімде келесі мәліметтер берілуі тиіс:
– ЖОО атауы;
– қатысушының аты-жөні;
– мамандығы және курсы;
– электронды мекен-жайы, телефон нөмірі.

Бағдарлама кестесі:

Теориялық бөлімі ұзақтығы 1,5 сағаттық вебинарлардан тұрады:

28.08.20201 вебинар. Инвестициялаудың негіздері (спикер – Шынар Елубаева, KASE эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жүргізу департаментінің бас маманы);
11.09.20202 вебинар. Биржаның сайты жеке инвесторлар үшін ақпарат көзі (спикерлер – Шынар Елубаева, KASE эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жүргізу департаментінің бас маманы, Тамара Шадиева, KASE Ақпарат және статистика департаментінің Талдау бөлімінің бастығы);
18.09.20203 вебинар. Бағалы қағаздарды талдаудың негіздері (спикер – Маржан Меланич, Басқарма мүшесі, "Сентрас Секьюритиз" АҚ Талдау департаментінің директоры);
25.09.20204 вебинар. Техникалық талдау негіздері (спикер – Андрей Верников, "УНИВЕР Капитал" ААҚ Нарықтарды талдау департаментінің директоры);
09.10.20205 вебинар. Инвестициялаудың стратегиялары (спикер – Айдосов Нұрдәулет, "Jysan Invest" АҚ Басқармасының Төрағасы);
23.10.20206 бонустық вебинар. Стартапты қалай жасауға және инвесторларды қалай тартуға болады (спикер – Евгений Мұхамеджанов, KASE басқарушы директоры, Жобаларды дамыту қызметінің жетекшісі).

Вебинарларға қатысу үшін сілтемелер тіркелген студенттерге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Вебинар күндері өзгеруі мүмкін.

Практикалық бөлім:

2020 жыл, қараша –"Биржалық симулятор" оқу сауда-саттығына қатысу.
2020 жыл, желтоқсан – барлық бағдарламадан өткен студенттерге қорытынды шығару және сертификаттар тапсыру.