- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- 2020 жылы "Биржалық симулятор" жобасының ресми ашылуы
2020 жылы "Биржалық симулятор" жобасының ресми ашылуы
2020 жылдың 12 қарашасында сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасы он екі жыл қатарынан өткізіп отырған "Биржалық симулятор" жобасының ресми ашылуы болып өтті.
Жобаның серіктестері: Фридом финанс, BCC Invest, Сентрас секьюритиз және Refinitiv.
Қазақстан қор биржасында "Биржалық симулятор" жобасы аясында оқу -жаттығу сауда-саттығы 2020 жылдың 16 қарашасында астана уақытымен сағат 09:00 -де өтеді. Жоба бір айға созылады және 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – оқу бағдарламасы аясында өзінің кәсіби білімін жетілдіргісі келетін қаржы-экономикалық және басқа мамандықтардың студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың қор нарығында тәжірибелік дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Жобаға қатысу мәселесі бойынша – em@kase.kz, g.akim@kase.kz. мекен-жайына хабарласуға болады.
Мобильдік сауда-саттық терминалын пайдалану бойынша нұсқаулық.