Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks Online – ашық дәрістер (қыркүйек)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру және дамытуға үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2020 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 15:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржаның Instagram ресми парақшасында, тікелей эфирде KASE Talks Online өткізгенін хабарлаймыз. KASE Talks Online қатысушылары – эфир жүргізушісі, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк және жоба қонағы – Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло .

KASE Talks тұрақты жүргізушісі, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің сұрақтарына жауап бере отырып, Дмитрий Забелло банк секторының IT-жаңғыртылуы, коронакризистің банк бизнесіне және бүкіл қазақстандық бизнеске әсері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, ВТБ тобының халықаралық қатысуы, KASE биржалық нарықтарындағы қызметі, AQR нәтижелері және т.б. туралы айтып берді.

KASE Talks мақсаты – республиканың қаржы нарығының қалыптасу жағдайы мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпаратталығын арттыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын әрі қарай танымал ету, сондай-ақ KASE және жалпы қор қызметі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

KASE Talks жазбасы Инстаграм желісінде IG TV-да жүктелген.