Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks Online – ашық дәрістер (маусым)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру және дамытуға үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2020 жылдың 17 маусым күні сағат 15:00-де KASE Talks Биржаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында, бірлескен тікелей эфир форматында өтеді. KASE Talks Online қатысушылары – эфир жетекшісі, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк және жобаның қонағы – RG Brands Директорлар кеңесінің және "RESMI" компаниялар тобының төрағасы, сондай-ақ Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің бірі – Қайрат Мәжібаев.

"Дағдарысқа қарсы менеджмент: Level up" тақырыбындағы тікелей эфирде Қайрат Мәжібаев RGBrands компаниясының пандемия жағдайындағы қызметі туралы, карантиннен кейін жұмысты қалпына келтірудің дағдарысқа қарсы стратегиялары туралы, тұтынушылық қатынасының қалай өзгергені туралы, өндірісті цифрландыру туралы айтып, сондай-ақ тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.

Әр жылдары Қайрат Мәжібаев келесі ұйымдардың директорлар Кеңесінің құрамына кірді: "БТА" АҚ, "Династия", "KBS GARANT", "БТА Сақтандыру" ЖЗҚ, "Құрмет" ЖЗҚ, "Premier Asset Management" ЖЗҚ, "Республика" ЖЗҚ, "ұлттық инновациялық қор" АҚ, "Қазтелерадио" АҚ, "КИМЭП Университеті" АҚ, Kazakhstan Growth Fund, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ.

KASE Talks мақсаты – республиканың қаржы нарығының қалыптасу жағдайы мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпаратталығын арттыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын әрі қарай танымал ету, сондай-ақ KASE және жалпы қор қызметі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

Сіздерді KASE-нің Instagram желісіндегі @kase.kz ресми парақшасында өтетін тікелей көрсетілімге шақырамыз!