Сауда-саттық ақпарат

"KEGOC" АҚ арналған KASE Online эмитент күні

2020 жылдың 18 қыркүйегінде "Эмитент күні" іс-шарасы аясында, "KEGOC" АҚ компаниясының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларына арналған кездесу өтті.

Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылды.

Эмитент тарапынан спикер болып "KEGOC" АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков сөз сөйледі.

Топ-менеджер іс-шараға қатысушыларды компанияның 2020 жылдың есептік кезеңіндегі қызметінің қорытындыларымен таныстырып, операциялық және қаржылық көрсеткіштерді жариялады, сондай-ақ "KEGOC" АҚ жоспарланған перспективалық жобалары туралы ақпараттандырды.

Іс-шара 11:00-де Zoom платформасында өтті.

"KEGOC" АҚ презентациясы (орыс тілінде).