Сауда-саттық ақпарат

"Kселл" АҚ арналған KASE online эмитент күні

2020 жылғы 04 тамызда "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде Zoom платформасы арқылы "Кселл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылды.

KASE-де "Эмитент күнін" өткізудің мақсаты - инвесторлар тарапынан эмитентке деген қызығушылықты арттыру және эмитенттің акционерлерімен кері байланысын жолға қою болып табылады.

Эмитенттер тарапынан спикерлер ретінде "Кселл" АҚ атқарушы директоры Каспарс Кукелис және "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры Юрий Харламов сөз сөйледі. Онлайн-кездесуде 2020 жылдың 2 тоқсаны мен 1 жартыжылдығының нәтижелеріне шолу жасалынып, сондай-ақ компанияның есепті кезеңдегі кірістері бойынша қаржылық көрсеткіштері мен трендтері ұсынылды.

Презентациялар (орыс тілінде):
- "Кселл АҚ" 2020 жылғы 2 тоқсан және бірінші жартыжылдықтағы қаржы нәтижелері ;
- "Кселл АҚ" 2020 жылдағы қаңтар-маусымдағы қаржылық нәтижелері .