Сауда-саттық ақпарат

KASE-де шығарылатын облигациялардың субсидияланған купондық мөлшерлемесі сұрақтары бойынша ДАМУ қорымен баспасөз брифингі

2020 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) бизнес-қауымдастықты және мүдделі қоғамды ақпараттандыру мақсатында "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесе отырып KASE субсидияланған облигациялардың шығарылымы арқылы қаржы тарту мүмкіндіктері туралы баспасөз брифингін өткізді.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдары, нарықтың кәсіби қатысушылары және отандық бизнес өкілдері үшін ұйымдастырылды.

ДАМУ субсидиялау департаментінің директоры Сәуле Әбішева қолдау механизмі туралы егжей-тегжейлі айтып, оның шарттарын түсіндіріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол сондай-ақ субсидиялау шарты облигациялары KASE ресми тізіміне енгізілген эмитенттермен жасалатынын атап өтті.