Сауда-саттық ақпарат

Сингапурда стартап-жобаларды дамыту мәселелері бойынша QazTech Ventures компаниясымен онлайн-кездесу

KASE 2020 жылдың 20 қазанында сағат 10:00-да QazTech Ventures-пен Сингапурда стартап-жобаларды дамыту мәселелері бойынша өтетін онлайн-кездесу (Zoom платформасында) өткізеді.

Іс-шара KASE Startup-ты дамыту шеңберінде өткізіледі.

QazTech Ventures - бұл венчерлік инвестициялау, бизнес-инкубациялау және консалтинг арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесумен айналысатын компания.

Қазақстанда стартаптар нарығын дамытудың негізгі проблемасы капиталға қолжетімділіктің және инвесторлардың кәсібилігінің болмауы болып табылады. QAZTECH Ventures Сингапурлық Quest Ventures қоры арқылы жергілікті стартаптарды қаржыландырудың алғашқы мемлекеттік бастамасы болды. Іріктеудің негізгі құрамына Сингапурдағы осы сектордың мамандары кіретін комиссия жүргізеді - Quest Ventures басқарушы директоры Әнуар Сейфулин және КДА басқарушы директоры Диас Бексолтан.

50 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландырудан басқа, 10 стартаптың қатысушылары халықаралық қордың менторлық қолдауына және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу әлеуетіне ие болады.

Бағдарлама 2 жылға есептелген және осы кезең ішінде тағы 20 стартапқа қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Стартаптарды қолдау қорының жалпы көлемі - 1,5 млн АҚШ долларын құрайды.

Іс-шара барысында спикер - Диас Қожахметов, QazTech Ventures бөлшек инвестициялау департаментінің директоры қонақтарға:
* стартап-жобаға сингапурлық қордан қалай қолдау алуға болады;
* оларға қандай талаптар қойылады;
* дамудың қандай мерзімдері мен кезеңдері қарастырылғаны туралы айтып береді.


Іс-шараға тіркелу үшін g.akim@kase.kz электрондық мекен-жайына деректерді жіберу немесе онлайн-сауалнаманы толтыру керек.