Сауда-саттық ақпарат

"Investor Relations: инвесторлармен тиімді қарым-қатынас" семинары (наурыз)

2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Investor Relations: инвесторлармен тиімді қарым-қатынас" атты семинар өткізді.

IR-мамандары қазақстандық компанияларға инвесторлармен қалай жұмыс істеу керек, тыңдаушыларын IR негізгі міндеттері, оның құралдары туралы хабардар еттті, сондай-ақ аталмыш мақсатты аудиториямен алғашқы орналастыру сәтінде коммуникацияның мүмкін үлгілерін ұсынды.

Семинарда: "KEGOC" АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департамент менеджері Данияр Шугаев, Асель Караулова, CEO PG Communications, Қазақстан Баспасөз Клубының президенті, Никита Павлов, Refinitiv компаниясы Шығыс Европа және ТМД елдерінің нарық капиталы бизнесін дамыту жөніндегі жетекшісі, Виктор Литвинов, KASE мониторинг департаментінің басшысы.

Investor relations мақсаты - компанияны нарықтық қаржыландыруды артыру. IR компанияның дамуы үшін инвесторлардың, акционерлердің орны мен ролін анықтауға мүмкіндік береді. IR-технологияны қолданудағы негізгі нәтижелерінің бірі олардың қарым-қатынасын тиімді әрі болжамды ету болып табылады.

Investor relations саласында жұмысты сауатты құра білу акционерлер мен инвесторлар арасында компания акцияларының құлдырауына әкеп соғатын, шиеленісті шешуге мүмкіндік береді. Аталмыш жоба Қазақстан қор биржасының бастамасымен инвесторлармен өзара байланыс онату аясында білімдері мен біліктерін арттыру мақсатында жасалған.

Презентациялар (орыс тілінде):
Тиімді IR-жүйесі және KASE ;
Компаниядағы IR-қызметтің рөлі мен орны;
IR: инвесторлармен тиімді коммуникациялар ;
ІРО және пост-ІРО дайындық кезеңіндегі коммуникациялардың ерекшелігі .

Барлық сұрақтар бойынша customers@kase.kz электронды поштасына немесе +7 (727) 237-53-20 номері бойынша хабарласыңыз.