Сауда-саттық ақпарат

Павлодар қаласында "Қазақстан қор биржасында капитал тарту" атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 05 қарашасында Павлодар қаласында KASE Павлодар облысының әкімдігі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қазақстан қор биржасында қаржы тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында қор нарығы және биржаның ресми сайтындағы ақпарат бойынша БАҚ өкілдері үшін оқытушы шағын семинар өткізілді.

KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов компанияға жоспарын дамыту және жүзеге асыру үшін капиталын арттыруға мүмкіндік беретін, бір жағынан компанияның беделін жақсартатын, сондай-ақ клиенттер мен серіктестер арасындағы орнын нығайтатын, қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы айтып берді.

Іс-шараға Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, жергілікті атқарушы органнның өклдері мен ірі өнеркәсіп орындарының өкілдері қатысты.

KASE сондай-ақ, "Казпочта" АҚ жеке инвесторлары мен қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Іс-шара "Казпочта" АҚ қолдауымен өтті.

KASE өкілдері семинарда қаржы құралдарымен жұмысы туралы және Биржадағы құралдардың қол жетімді спектрі жөнінде әңгімеледі.