Сауда-саттық ақпарат

KASE MOEX қатысуымен ASTS+ жаңа сауда-саттық-клирингілік жүйесін іске қосуға және қор нарығында орталық контрагент (ОК) қызметін енгізуге арналған баспасөз конференциясын өткізді

2019 жылдың 18 желтоқсанында "Қазақстан қор биржасы" (KASE) "Мәскеу биржасы" БАҚ (MOEX) қатысуымен ASTS+ жаңа сауда-саттық-клирингілік жүйесін іске қосуға және қор нарығында орталық контрагент (ОК) қызметін енгізуге арналған баспасөз конференциясын өткізді.

2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап, KASE қор нарығында МОЕХ сауда-саттық клирингілік жүйесі негізінде әзірленген, ASTS+ жүйесі енгізілген. Осы күннен бастап, KASE ОК сауда-саттық жаңа жүйеде ашылған, қаржы құралдарының қызметін атқаруға кірісті. Екі жағдай да KASE және MOEX арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді жүзеге асыру кезеңі болып табылады.

Бүгінгі таңда ASTS+ жүйесінде АҚШ долларымен номинацияланған акциялар, облигациялар; инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары; туынды бағалы қағаздармен (GDRs) сауда-саттық ашылған. Барлығы 168 құрал.

ASTS+ жұмыс істеу уақытында 2019 жылдың 03 желтоқсанынан 13 желтоқсанына дейін жалпы сомасы 10,7 млрд теңгеге, 3 909 мәміле жасалынды. Сауда-саттыққа қатысушы Биржа мүшелерінің саны - 17.

KASE басқармасы Төрағасы Алина Алдамберген: "Қазақстан қор биржасы, MOEX – пен стартегиялық серіктестік туралы Келісім аясында ASTS+ жоғары технологиялық жүйесін сатып алды, ол режимдердің алуандығына және сауда-саттық әдістемесіне қолдау көрсетеді, орталық контрагент қызметін пайдалануды қарастырады. KASE есептеу-клирингілік жүйесі бүгінгі таңда PFMI-IOSCO қаржы нарығы инфрақұрылымдары үшін толығымен халықаралық қағидаларға сәйкес келеді. Орталық контрагентті енгізу қатысушылардың транзакциялық шығындарын төмендетуге және қор нарығына деген сенімділіктің артуына ықпал етеді, сонымен қатар мәмілелердің жасалуына сенімін арттырады, өйткені есептеулер жоғары сенімді қаржы құралдарымен кепілдендірілген. ОК енгізу сауда-саттық қатысушылары санын және клиенттер базасын, сонымен қатар резидент емес қатысушылар санын арттыруға, сондай-ақ халықаралық аренада қазақстандық қор нарығының танымалдығын жоғарылатуға ықпал етеді деп күтілуде"- деп атап өтті.

Конференция барысында алғаш болып ASTS+ жаңа сауда-саттық клирингілік жүйесінде ағымдағы жылдың 03 желтоқсанында мәміле жасаған Биржа мүшелеріне – "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ дипломдары тапсырылды.