Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (наурыз)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2019 жылдың 20 наурызында сағат 17:00 KASE Talks дәрісін "Нұрбанк" еншілес ұйымы "Money Experts" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Дмитрий Жеребятьев жүргізді.

Дмитрий Жеребятьев қызметінің әр сатысында "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы АҚ, "Тройка Диалог Казахстан" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ және "Жетісу" зейнетақы активтерінинвестициялық басқару жүргізуші ұйымы" ЖАҚ басқарды және "Finastra" (әлемдегі көлемі бойынша үшінші орында тұрған қаржылық-технологиялық компания) аймақтық менеджері болып қызмет атқарды.

1998 жылы Чили зейнетақы реформасын зерделеу бойынша ресми үкіметтік делегацияның құрамында болды, ал 2008-2011 жылдары қор нарығы туралы халықты ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі топқа қатысқан.

KASE Talks Дмитрий Жеребятьев қаржы секторын цифрландырудың негізгі трендтерін әңгімеледі, қызықты оқиғалар мен пайдалы тәжірибесімен бөлісті.

KASE Talks мақсаты - кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.

KASE Talks-тың міндеті - Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру. KASE дәрісіне кіру барлық қалаушылар үшін тегін.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)

Іс-шарадан бейнежазба (YouTube)