- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks – ашық дәріс (қаңтар)
KASE Talks – ашық дәріс (қаңтар)
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.
2019 жылдың 24 қаңтарында сағат 17:00-де KASE Talks дәрісін табысты кәсіпкер, қаржыгер, ТМД Freedom Holding Corp. инвестициялық компаниясының негізін құрушы және иесі, қаржыландыру көлемі $400 млн астам "Фридом Финанс" брендімен жұмыс істеуші Тимур Турлов өткізді.
Холдинг компаниясының акциялары АҚШ-та OTCQX Best Market листингіледен өтті және инвесторлар үшін жариялы түрде орналсқан. Холдингтің жеке капиталы $115 млн құрайды, ал жиынтық клиенттік активтер - $600 млн астам.
Бүгінгі таңда Тимур Турлов – АҚШ-тағы қорр нарығы бойынша ең қажетті мамандардың бірі. Тұрақты түрде Ресей және Қазақстанның әйгілі іскерлік баслымыдарында қаржы-экономикалық мәселелерге түсініктеме береді, халықаралық конференцияларда дәрістер мен баяндамаларымен қатысып отырады, сондай-ақ жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған, білім беру жобаларымен айналысады.
KASE Talks мақсаты - кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.
KASE Talks-тың міндеті - Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.
Іс-шарадан бейнежазба(YouTube)