Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (28 қараша)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру және дамытуға үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2019 жылдың 28 қарашасында KASE Talks алаңында Басқарма Төрағасы, "Amanat" Сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі Ергали Бегімбетов сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Ерғали Бегімбетов сақтандыру қызметінің жағдайы, Қазақстандағы сақтандыру нарығының проблемалары мен перспективалары туралы әңгімеледі.

"Amanat" СК корпоративтік құндылығының маңыздылығын ескере отырып, спикер "Довольные работники – довольные клиенты", – деп атап өтті.

Ерғали Бегімбетов қызметінің әр түрлі сатысында “Лондон-Алматы” Сақтандыру компаниясы АҚ Басқарма Төрағасы, "КВS Garant" АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы және вице-президенті болып жұмыс істеді.

KASE Talks мақсаты – республиканың қаржы нарығын қалыптастыру шарттары және оның дамуына әсер ететін негізгі факторлары туралы бұқараның ақпараттылығын арттыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын әрі қарай таныту, сондай-ақ KASE және қор нарығының қызметі туралы жалпы ақпарт ұсыну болып табылады.

KASE Talks алаңы 2018 жылы іске қосылды.

Іс-шараның суреттері (Facebook).

Іс-шараның бейнежазбалары (YouTube, орыс тілінде).