Сауда-саттық ақпарат

KASE Day in Shymkent

2019 жылдың 19 қыркүйегінде KASE Шымкент қаласының кәсіпкерлері және Биржаның серіктестеріне арнап "Rixos Khadisha Shymkent" отелінде бизнес таңғы ас "KASE Day in Shymkent" өткізді.

Бизнес таңғы ас аясында БАҚ өкілдері үшін оқытушы семинар өтті.

Іс-шарада Биржаның негізгі стратегиялық бағыттарымен танысуға, біздің сарапшылармен жаңа өнімдер мен үрдістерді талқылауға мүмкіндік болды, Қазақстан қор нарығындағы бизнес үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер туралы білуге жағдай жасалды.

Бизнес таңғы асқа Шымкент және Түркістан облысы әкімдігінің, Түркістан облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" ФРП АҚ, аймақтағы ірі кәсіпорындар мен БАҚ өкілдерінің басшылығы қатысты.

Іс-шара бағдарламасы (орыс тілінде).

Презентациялар:
KASE: Қазіргі жағдай және нарықтағы беталыстар (орыс тілінде) , KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк;
KASE – қаржыландыруды тартуға арналған платформа , Басқарма мүшесі, KASE бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов.