- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Day in Tashkent
KASE Day in Tashkent
2019 жылдың 19 қыркүйегінде KASE Ташкент қаласында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "Тошкент" Республикалық қор биржасы" (UZSE) акционерлік қоғамының көмегімен "KASE Day in Tashkent" өткізді.
Іс-шара 2018 жылдың қыркүйек айында қол қойылған екі биржаның арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді, әрі қатысушыларды қазақстан қор нарығының ағымдағы жағдай мен даму перспективасымен, KASE қаржы құралдары мен қызметтерімен, өзбек компаниялары үшін қазақстандық қор нарығында капитал тарту жағдайы мен инвестициялық әлеуетімен таныстыруға бағытталды.
"KASE Day in Tashkent" барысында екі елдің арасындағы кәсіби қатысушылар арасындағы ынтымақтастықтың тұсауы кесіліп, ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ биржалық нарыққа өзара ену мүмкіндігі талқыланды.
Іс-шараға өзбек қор нарығының қаржы ұйымдары мен эмитент-компаниялары, сондай-ақ қазақстандық брокерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Толығырақ ақпарат
баспасөз хабарламасында.
Презентациялар:
–
KASE: Қазіргі жағдай және нарықтағы беталыстар (орыс тілінде) , Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген;
–
Қаржы нарығындағы беталыстар (орыс тілінде), талдау Бөлімінің бастығы Тамара Шадиева;
–
Қазақстан Республикасының борыштық нарығы (орыс тілінде), "Halyk Finance" АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Фархад Охонов;
–
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері(орыс тілінде) , "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ талдау департаментінің директоры Нұрлан Әшімов.