Сауда-саттық ақпарат

КASE Day in Moscow

2019 жылдың 06 қарашасында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) "Мәскеу биржасы" (MOEX) көмегімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ұйымдастыруымен "KASE Day in Moscow" өтті.

KASE Басқармасының Төрағасы Алина Алдамберген қатысушыларды ағымдағы мәртебесімен және Биржаның даму перспективасымен таныстырды. Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская Биржаның ақпараттық өнімдері, сауда-саттық регламенті және Орталық контрагент қызметі бойынша KASE әлеуетті қашықтықтағы қатысушылары үшін презентация өткізді.

Іс-шара қазақстандық биржалық нарығының ағымдағы жағдайы және даму перспективасы туралы ақпарат алуды арттыруға, қазақстан қор нарығында ресей компаниялары үшін қаржы тарту мүмкіндіктері, инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ нарықтағы қаржы құралдары мен KASE қызметі жөнінде хабар алу мүміндігін арттыруға бағытталған. "KASE Day in Moscow" шарасында екі елдің арасындағы кәсіби қатысушылар арасында ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды және көрсетілді.

Іс-шара барысында сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әлия Молдабекова Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға шолу жасаса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығындағы жаңа мүмкіндіктер туралы, "Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі" АҚ вице-президенті Айнұр Көшербаева Қазақстандағы есептік-депозитарлық инфрақұрылым туралы презентациясымен, "Halyk Finance" АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Фархад Охонов корпоративтік және мемлекеттік облигацияларға шолумен және "BCC Invest" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Александр Дронин Қазақстандағы биржалық нарықтағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы сөз сөйледі.

Іс-шараға ресей қор нарығының қаржы ұйымдарының және компания-эмитенттерінің өкілдері, сондай-ақ қаржы нарығын, қор нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарын реттеуші және қазақстандық брокерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.