Сауда-саттық ақпарат

KASE Day in Minsk

2019 жылдың 05 қарашасында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) "Белорусь валюталық қор биржасы" ААҚ көмегімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ұйымдастыруымен "KASE Day in Minsk" өтті.

Іс-шараға белорусь қор нарығының қаржы ұйымдарының және компания-эмитенттерінің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық брокерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушыларды ағымдағы жағдаймен және қазақстандық биржалық нарықтыңдаму перспективасымен таныстыруға, қазақстандық қор нарығында белорусь компаниялары үшін қаржы тарту және белорусь компаниялары үшін инвестициялық әлеуеті шарттарымен таныстырды.

"KASE Day in Minsk" барысында екі елдің арасындағы кәсіби қатысушылар арасындағы мүмкіндіктер талқыланды, соның ішінде биржалық нарыққа өзара қатысу мәселелері де көтерілді.

KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская қатысушыларды Биржаның ағымдық мәртебесі мен даму перспективасы туралы ағымдық мәртебесімен таныстырды. KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк KASE биржевалық нарығы мен құралдары туралы ақпаратпен таныстырды.

Іс-шара барысында корпоративтік және мемлекеттік облигациялар нарығына шолумен "Halyk Finance" АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары Фархад Охонов сөйледі.

"Фридом Финанс" ЖК бас директоры Тимур Турлов өзінің презентациясында Қазақстан биржалық нарығындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.