- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Day in Almaty
KASE Day in Almaty
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 21 қарашасында Адматы қаласының ірі компания өкілдері мен Биржаның серіктестерімен "KASE Day in Almaty" бизнес-таңғы ас өткізді.
Іс-шара кәсіпкерлерге қор нарығының құралдары арқылы банктік несиелендіру баламасы ретінде қаржы тарту мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталды.
"KASE Day in Almaty" қатысушылары компаниялар үшін қор нарығының құралдары арқылы қаржы тарту ідістері туралы білуге мүмкіндік берілді, қор нарығының жаңа өнімдерінің артықшылықтарымен танысу, сондай-ақ сарапшылармен қазақстандық биржалық нарықтың даму үрдістерін талқылау мүмкіндігі туды.
Кәсіпкерлер іс-шара барысында спикерлерге қаржы тарту мүмкіндіктері мен қор нарығындағы инвестициялау, акциялар мен биржалық облигацияларды алғашқы орналастыру және мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, мәселені талқылады.
Бизнес-таңғы ас Алматы қаласының әкімдігінің басшылығы, Алматы қаласындағы "Атамекен" кәсіпкерлер аймақтық палатасы басшылығы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Іскери таңғы ас түріндегі іс-шараны Биржа 2017 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Ағымдағы жылы "KASE Day". Шымкент, Ақтөбе, Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь) және Москва (Ресей) қалаларында өткізілді.
Презентациялар (орыс тілінде):
–
KASE өнімдері мен қызметтері;
–
KASE: ағымдағы мәртебесі және даму перспективалары.