Сауда-саттық ақпарат

KASE Day in Aktobe

2019 жылдың 26 қыркүйегінде KASE Ақтөбе облысының кәсіпкерлері және Биржаның серіктестеріне арнап бизнес таңғы ас "KASE Day in Aktobe" өткізді.

Іс-шара Ақтөбе уақыты бойынша 09:30 - да мына мекен-жайда өтті: Ақтөбе қаласы, 12 ш/а., 21 "Л" үй, "City Shopping Center" СҮ ғимараты, 3 қабат, "City restaurant Lounge" мейрамханасы, "Сити холл залы.

Бизнес таңғы ас аясында БАҚ өкілдері үшін оқытушы семинар өтті.

Іс-шарада Биржаның негізгі стратегиялық бағыттарымен танысуға, біздің сарапшылармен жаңа өнімдер мен үрдістерді талқылауға мүмкіндік болды, Қазақстан қор нарығындағы бизнес үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер туралы білуге жағдай жасалды.

Бизнес таңғы асқа Ақтөбе облысының әкімдігінің, Ақтөбе облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" ФРП АҚ, аймақтағы ірі кәсіпорындар мен БАҚ өкілдерінің басшылығы қатысты.

Презентациялар:
KASE: Қазіргі жағдай және нарықтағы беталыстар (орыс тілінде) , KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк;
KASE – қаржыландыруды тартуға арналған платформа , Басқарма мүшесі, KASE бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов.