- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "Болашақ құрылу тарихы" кітабының электрондық нұсқасы
KASE "Болашақ құрылу тарихы" кітабының электрондық нұсқасы
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 17 қаңтарында Биржаның және қазақстан қаржы нарығының тарихына арналған кітаптың тұсаукесерін өткізді. Кітап үш тілде жарық көрді. Кітапты шығару 2018 жылдың қараша айында KASE 25 жылдық мерейтойына арнап шығарды. Бұл бетте сіз кітапты электронды түрде оқи аласыз.
Кітапта 1993 жылдан бастап, KASE құрылғаннан бергі қазақстандық қаржы нарығының тарихы сипатталған. Оны дайындау кезінде KASE мұрағат материалдары, ашық ақпарат көздері, сондай-ақ қаржы нарығының 50 ден астам кәсіби мамандарының естеліктері пайдаланылды.
Біз жобамызға қатысуға атсалысқан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Бұл KASE даму тарихын барынша дәл әрі толық сипаттап, маңызды оқиғалардың атмосферасын беруге мүмкіндік туғызды.
Кітап тиражы – 1 000 данадан астам. Кітап кең ауқымды оқырмандарға арналған: қаржы нарығының кәсіби қатысуушыларынан бастап, экономикалық ЖОО мұғалімдерінен бастап, студенттерге дейін, жаңадан бастаған инвесторларға, жалпы барлық Қазақстан қаржы жүйесінің тарихына қызығушылық білдірген адамдарға арналады.
Кітапты мәтіннің құрылуына, дизайнын әзірлеу мен полиграфиясын жүзеге асыруға белсенді ат салысқан, "КАЗАХСТАНИКА" Ұлттық брендинг агенттігі шығарды.
Кітапты шығаруға "Фридом Финанс" АҚ, "BCC Invest" АҚ ("Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы) және "Sky Bridge Invest" АҚ инвестициялық компаниялары қатысты.