Сауда-саттық ақпарат

"ESG: жаңа мүмкіндік пен әлде хайп па?" панелдік пікірталас

2019 жылдың 23 қазанында KASE Refinitiv -пен бірлесіп, "ESG: жаңа мүмкіндік пен әлде хайп па?" панелдік пікірталас өткізді.

Іс-шараға қатысушылар жахандық қаржы нарығының өзгерістерін, халықаралық инвсеторлардың бұқаралық компаниялардың жұмысының әсіресе, экологиялық, әлеуметтік жауапкершілігі мен корпоративтік басқару (Environmental, Social and Governance, ESG) жағын, ESG компаниялардың қаржылық көрсеткіштері мен инвестициялық тартымдылығына қандай әсер ететіні туралы талқылады.

KASE атынан спикер ретінде Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская қатысты. Спикердің айтуынша, Қазақстанда ESG-ке в инвесторлар мен компаниялар көңіл бөле бастады. Биржа аталмыш критерийлерге қолдау көрсетеді. 2015 жылы KASE БҰҰ "Қор нарығы үшін тұрақты даму" бастамасына қосылды, ал 2016 жылы экологиялық, әлеуметтік жауапкершілігі мен корпоративтік басқару критерийлері бойынша есеп құрастыру әдістемесін әзірледі, ол 2018 жылы жаңартылды.

Іс-шараға қазақстандық компаниялардың заң және қаржы өкілдері қатысты.