Сауда-саттық ақпарат

"Гендерлік байланысты мақсаттарды жүзеге асыру аясында әйелдедің мүмкіндіктер мен құқықтарын кеңейту қағидалары 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму саласында күн тәртібі" конференциясы

2019 жылдың 19 қыркүйегінде KASE және БҰҰ-әйелдер құрылымы" Алматы қаласында Қазақстандағы тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру (ТДМ) және гендерлік теңдікті алға жылжыту мәселелеріне арналған бірлескен конференц-кездесу өткізді.

"Биржа, "Тұрақты қор биржасы" БҰҰ бастамасына қосылушы және тұрақты даму қағидасын алға жылжытуға міндеттеме қабылдаушы, сондай-ақ KASE мүшелері мен листингілік компанияларға ESG (environmental, social and governance) критерийлері бойынша әдістеме енгізу арқылы инфрақұрылымдық ұйым ретінде тұрақты әрі теңестірілген бизнес орта және жалпы қоғамды қалыптастыру мақсатында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаларына қолдау көрсетуді қажет деп санайды. Бұл Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті алға қойған отыз дамыған елдің қатарына кірудегі мақсаттарына жетуге ықпал етпекші", – деп атап өтті KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

"Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың өмірдің барлық саласына қатысу құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты экономикалық даму және әйелдердің, ерлердің, отбасы және жалпы қоғамның өмір сапасын дамыту және жақсарту үшін маңызы зор болып табылады. Оның біздің өміріміздегі құндылықтар жүйесінің бір бөлігіне айналып, әрі қарай алға жылжуы бизнесті қалай жүргіземіз, күнделікті өмірде теңдік қағидаларын және іскерлік тәжірибені қалай көрсетеміз соған байланысты болады", – деп атап өтті өзінің сөзінде Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" Құрылымының төрағасы Илейн Конкиевич.