Сауда-саттық ақпарат

"Биржалық симулятор" оқытушы конкурсы

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 17 қазанында ұйымдастыруымен "Биржалық симулятор" оқытушы конкурсы өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 2,332 млрд теңгеге жетті. аталмыш кезеңде мәмілелердің орташа күндік көлемі 89,7 млн теңгеден асты.

Бір қатысушы жасаған мәміленің максималды саны мен максималды көлемі – сәйкесінше 662 және 393,4 млн теңге.

Өткен сауда-саттыққа 35 оқу орындарынын 1 290 студенттер қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша қаржы ұйымдарының қолдауы арқасында 23 студент марапатталды (алдыңғы жылдары 15 жүлделі орындар болды).

Биылғы жылы алғаш рет конкурстың қорытындысы бойынша ең көп инвестициялық қоржын жинаған студенттерге "Фридом Финанс" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ, CIB " ВТБ Казахстан" ЕБ АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Capital Bank Kazakhstan" АҚ, "СК "Лондон-Алматы" АҚ, "Tenrgi Bank" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Цесна Капитал" АҚ сияқты қаржы ұйымдарында кепілді ақылы тәлімдемеден өту мүмкіндігі берілді.

Жоба мақсаты – оқу бағдарламасы аясында өзінің кәсіби білімін кеңейтуші қаржы-экономикалық және басқа да мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибе жинақтау болып табылады. Студенттерге көбінесе KASE Индексіне кіретін қазақстандық нарықтың неғұрлым өтімді бағалы қағаздарымен саудалау мүмкіндігі беріледі. Әрбір қатысушыға сауда-саттық басында бір миллион теңгенің қоржынын басқаруға беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты үздік қоржын құрастыру, сол конкурс жеңімпазы бола алады.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)