Сауда-саттық ақпарат

"Бағалы қағаздар нарығында қалай саудалау керек" оқыту бағдарламасы

KASE 2017 жылдың 21 ақпанында Алматы қаласында қазақстандық ЖОО мұғалімдер құрамы үшін, Қазақстан халқының отандық қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы қаржылық сауаттылығы мен білімін арттыру мақсатында "Бағалы қағаздар нарығында қалай саудалау керек" оқыту бағдарламасын өткізді.

Аталмыш шара аясында KASE мамандары аудиторияға қор нарығының негізгі инфрақұрылымы мен негізгі элементтері туралы, Қазақстан қор нарығындағы KASE ролі жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, Биржаның жаңа сайтында ақпаратпен қалай пайдалану керек екендігін түсіндірді.

Өз кезегінде брокерлік компания өкілдері тыңдаушыларды бағалы қағаздардың негізгі түрлері туралы, брокерлік компаниялардың қызметі туралы, алғашқы және қайталама нарық түсініктері туралы хабардар етті. Сатып алудың мақсаттылығын және бағалы қағаздардың әділ бағасын қалай анықтау керек, сондай-ақ қор нарығында қалай пайда табу керек деген тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстандық ЖОО-ның 50 шақты мұғалімдері KASE оқыту бағдарламасынан өтті.

Презентациялар (орыс тілінде):
Брокерлік компаниялар
IPO и SPO
Биржадағы сауда-саттық
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздарды талдау негіздері
Қазақстан қор биржасы – инвесторларға арналған сауда алаңы
Қор нарығы – ақшаны басқару оңай және тиімді

Семинар бойынша барлық сұрақтар бойынша KASE эмитенттерімен және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаментіне хабарласыңыз: тел. +7 (727) 237 53 00 (іш. 1153), +7 (727) 237 53 20.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)