Сауда-саттық ақпарат

2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE баспасөз конференциясы

2018 жылдың 17 шілдесінде (сейсенбі) сағат 10:00-де Қазақстан қор биржасы баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара спикерлері – KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

2018-ші мерейтойлық жылы KASE 2016-2018 жылдарға арналған даму стратегиясын келесі негізгі бағыттар шеңберінде іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда: биржалық нарықты дамыту, Биржаның клиентке бағдарлануын және оның қызметтерін арттыру, тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізуі оның ашықтық ақпараттық саясатының бір бөлігі болып табылады.