Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (қыркүйек)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2018 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің 25 жылдық мерейтойына арналған KASE Talks дәрісін өткізді, оған "SkyBridge Invest" АҚ Басқармасы төрағасы, Қазақстан қаржыгерлер бірлестігі кеңесінің мүшесі, "Қазақстан қор биржасы" АҚ директорлар кеңесінің сарапшысы, экспертом совета директоров АО "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ директорлар кеңесінің сарапшысы Шолпан Айнабаева қатысты.

Шолпан Айнабаева әр қызмет жылдарында биржалық алаңдарда, оның ішінде қор биржасында да еңбек еткен. Осы нарықтағы қызметінің бастапқы кезеңінде, Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары қызмет етіп, ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамын анықтаған адам. "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Басқармасы төрағасы ретінде "КазТрансОйл" АҚ Халықтық IPO алғашқы эмитентінің кеңес беру қызметін басқарды.

KASE Talks Шолпан Айнабаева Халықтық IPO аясында алғашқы компанияны орналастыру қанай жағдайда өткізілгенін әңгімеледі, пайдалы тәжірибесімен және қызықты жағдайлармен бөлісті.

KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.

KASE Talks мекен-жайы: Алматы қаласы, "Almaty Towers" БО, Байзақов көшесі, 280 (Солтүстік мұнара), 1-ші қабат, KASE баспасөз-румы.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)