- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks – ашық дәрістер (желтоқсан)
KASE Talks – ашық дәрістер (желтоқсан)
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.
2018 жылдың 05 желтоқсанында сағат 17:00 KASE Talks дәрісін Қазақстандағы жоғары мемлекеттік лауазымдар атқарған, белгілі қаржыгер Анвар Сайденов жүргізді. Ол М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ("саяси экономия" мамандығы бойынша) және Лондон университетінің (қаржы экономикасы жөніндегі ғылым магистрі дәрежесі) түлегі.
Анвар Галимуллаевич – Ұлттық Банктің экс-төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі лауазымындарын атқарды. Әр жылдары Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитетін, "БТА Банк" АҚ басқарды. Ол сондай-ақ бірқатар қазақстандық банктердің "Bank RBK" АҚ, " Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Банк Хоум Кредит" ЕБ АҚ" сияқты банктердің Директорлар кеңесінің мүшесі («әрі қарай – ДК), "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. қазіргі уақытта – Қазақстан Даму Банкі АҚ мүшесі.
KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.
KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.