Сауда-саттық ақпарат

"KASE Day in Astana" бизнес таңғы асы

2018 жылдың 07 желтоқсанында KASE Астана қаласында Биржаның 25 жылдығына арналған бизнес таңғы ас "KASE Day in Astana" өткізді.

KASE басшылығы Биржаның қызметі және KASE жобалары туралы, биржалық нарықтың ағымдық трендері мен жобалары туралы қатысушыларға әңгімеледі. Биржа өкілдері Биржаның стратегиясын жүзеге асыру аясында KASE даму жоспарларымен таныстырды және Қазақстан қаржы нарығындағы ағымдық жағдай туралы хабардар етті.

Іс-шарада Биржаның негізгі стратегиялық бағыттарымен танысуға, біздің сарапшылармен жаңа өнімдер мен үрдістерді талқылауға мүмкіндік болды, Қазақстан қор нарығындағы бизнес үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер туралы білуге жағдай жасалды.

Бизнес таңғы асқа мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық компанияның топ менеджерлері, ірі жеке компанияның басшылары, жетекші отандық БАҚ өкілдерінің басшылығы қатысты.

Толығырақ ақпарат баспасөз хабарламасында .

Спикерлер и презентациялар (орыс тілінде):
- KASE: Қазақстанның қор нарығына 25 жыл (KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген);
- Қазақстанның биржалық нарығының ағымдағы трендтері (KASE Басқарма Төрайымының орынбасары Андрей Цалюк);
- Биржалық өнімдер және қызметтер (бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, KASE басқарма мүшесі Қайрат Тұрмағамбетов);