Сауда-саттық ақпарат

"Кселл" АҚ арналған KASE эмитент күні

2018 жылдың 09 қаңтарында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "Кселл" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді, ол аталмыш компанияның жоспарланған шығарылымы және облигацияларды орналастыру жағдайына арналды.

Қазақстан қор биржасында "Эмитент күнін" өткізу мақсаты – эмитентке инвесторлар тарапынан қызығушылығын арттыру және эмитенттердің акционерлермен кері байланысын жақсарту болып табылады. Осындай іс-шаралар бағалы қағаздары өтімді болып табылатын, KASE барлық эмитенттері үшін тұрақты түрде өткізіледі.

Іс-шараға "Кселл" АҚ өкілдері, "Кселл" АҚ акцияларының маркет-мейкері – "Қазақстан Халық Банкінің енгілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Кселл" АҚ облигацияларының жоспарланған бірінші шығарылымының андеррайтері – "Tengri Capital MB" АҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, кездесуде брокерлік компанияның өкілдері, "Кселл" АҚ ірі акционерлері және Қазақстан іскерлік БАҚ өкілдері қатысты.

Презентация: "Кселл" АҚ облигацияларының дебюттік шығарылымы (орыс тілінде) .

Іс-шарадан суреттер (Facebook)