Сауда-саттық ақпарат

Студенттер арасында "Биржалық симулятор" білім беруші жобасының басталу салтанаты

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 28 наурызында Аль-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде KASE және "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен "Биржалық симулятор" оқытушы конкурсы өткізілді. Жоба тоғыз жыл бойы қатарынан өткізілуде. Биылғы жылы оның басталуы балалар мен жастар арасында Global Money Week қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Бүкіләлемдік аптаға арналған. 2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты демеушісі –"Астана Банкі" АҚ, бас серіктесі – "Фридом Финанс" АҚ. Жобаның серіктесі "Цесна Капитал" АҚ, "Казком Секьюритиз" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың қор нарығында тәжірибелік дағдыны үйрену. "Қазақстан қор биржасы соңғы жылдары қаржылық сауаттылық және Қазақстан қор нарығының мүмкіндіктер туралы қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бесенді жұмыстар атқаруда. Біздің қызметкерлер жыл бойы түрлі аймақтардағы бизнес-қауымдастықтармен кездесулер өткізіп, листингілік компаниялар үшін инвесторлармен өзара қарым-қатынас бойынша оқыту сессиясын ұйымдастырады", – деп атап өтті KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қайрат Тұрмағамбетов. "Биржалық симулятор" жобасы 2008 жылдың 29 шілдесінде алғаш рет іске қосылды. Осы жылдарда оған 3 000 астам студенттер қатысты. Биылғы жылы қатысушылардың саны 1 000 адамнан асты. KASE "Биржалық симулятор" жобасы аясындағы оқу сауда-саттығы 2017 жылдың 29 наурызында сағат 9.00 ALT ашылды. Жоба бір айға созылып, 2017 жылдың 26 сәуірінде аяқталады. Жобаның сыйлық қоры 1 000 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар оқу сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады. Жеңімпаз қатысушылар KASE серіктес ұйымдарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.

"Биржалық симулятор – 2017" оқыту жобасы Қазақстан қор биржасының (Биржа, KASE) Global Money Week ұранымен бесінші жыл қатарынан жастар мен балалар үшін қаржы саласында Child and Youth Finance International (CYFI) Халықаралық даму қоры жүзеге асырған, Global Money Week (GMW, Бүкіләлемдік қаржы апталығы) жастар мен балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бүкіләлемдік жыл сайынғы қозғалысы аясында өткізілуде. Өткен жылы Global Money Week Қазақстан қор биржасы мен "ИРБИС" қаржы нарығы агенттігі өткізген, студенттер арасындағы "Биржалық симулятор" білім беру жобасы оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған, жыл сайынғы кең көлемді білім беру жобасы "Биржалық симулятордың" басталуына арналды. Global Money Week – оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ірі халықаралық оқиға. GMW негізгі мақсатты аудиториясы 10 жастан 25 жасқа дейінгі балалар мен жастар болып табылады. Global Money Week және "Биржалық симулятор" жобасын іске қосу биылғы жылы да аса үлкен шабытпен өтті. "Адам қаржылық мақсатын дұрыс қойып, қаражатты тиімді пайдаланауды ерте үйренсе, ересек өмірге қадам басқанда соншалықты даяр болады. Қаржылық сауаттылық тиімді жоспарлап және бюджетін дұрыс пайдалануға, яғни – мүмкіндіктер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қайрат Тұрмағамбетов. 2016 жылы Бүкәлілемдік қаржы апталығы іс-шарасында 13 950 ұйым (министрліктер мен ведомствалар, орталық банктер, қаржы мекемелері, мемлекеттік емес ұйымдар) қатысты, олардың ішінде 40 астамы әлемнің қор биржалары (NASDAQ, Euronext және т.б.). GMW 33 000 шарасына 130 елден 7 млн. балалар мен жастар қатысты. GMW науқанын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер қолдау көрсетеді, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР), ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО және т.б. Бүкәлілемдік қаржы апталығы – 2017 жылы 27 наурыздан 02 сәуірге дейін өткізілді.