- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Қазақстан қор биржасында қытай юані / қазақстандық теңге валюталық жұбымен жүргізілетін сауда-саттықтың салтанатты ашылуы болып өтті
Қазақстан қор биржасында қытай юані / қазақстандық теңге валюталық жұбымен жүргізілетін сауда-саттықтың салтанатты ашылуы болып өтті
Жаңа валюталық жұппен жүргізілетін сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қытай Халық Банкі, "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі және өкілдері Биржа өкілдері қатысты.
Биржада бірінші сауда-саттық күні жасалған қытай юанімен мәміле көлемі 5 928 мың теңгені құрады. Барлығы 200 мың юанға 2 мәміле жасалды, бір юаннің бағасы 29,64 теңгеден болды. Сессия жабылу сәтінде үздік баға белгілеулер бір қытай юаніне 29,61/29,63 теңгені құрады.
Регламентке сәйкес қытай юанімен сауда-саттық Алматы уақытымен сағат 10.15-тен 11.00-ге дейін таңертеңгі сессия аралығында жүргізіледі. Есептесулер мәміле жасаған күні, яғни Т+0 жүйесі бойынша орындалады.
Биржада қытай юані бойынша маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ және "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі орындайды.
Баспасөз хабарламасы